Тауар құны тағы өзгеруі мүмкін екенін айтқан қала тұрғындары әлеуметтік маңызы бар қант пен ұнды қаппен сатып алуда, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бір апта бұрын қабы 8 500 теңгеден сатылған құмшекер қазір 11 000 теңгеден сатылып тұр. Ал 12 000 теңге болған 50 келілік ұн 16 000 теңгеден сатылуда. Ұн сататын қойма иелері Ресейдің экспортқа шектеу қойғанын айтады. Соның салдарынан елдегі баға бірден құбылған. Мұны сатушылар да мойындап отыр.  

"Бірінші сұрыпты ұн және құмшекер тауарларының бағасы Ресей демпингіне байланысты біршама төмендеген болатын. Бүгінде бірінші сортты ұнның және құмшекер бағасы қайта өз деңгейіне келуде. Ұн мен қант бағасы өскеннен наубайханадағы нанның құны да өзгерген", – деді Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы Жандос Ханиев.


Оқи отырыңыз: Қант зиян және қымбат. Оны немен алмастыруға болады?