Шымкентте кадастрлық құны 1 миллиард теңгеден асатын 116 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Шымкент қаласының прокуратурасы өз келісімшарттық міндеттемелерін орындамаған 17 жер қойнауын пайдаланушыны анықтады.Атап айтқанда, мемлекеттен пайдалы қазбалары бар жерлерді алғанда жер қойнауын пайдаланушылар бірқатар шарттарды, оның ішінде әлеуметтік сипаттағы шарттарды орындауға міндеттеледі. Жер қойнауын пайдаланушылар арасында өздерінің келісімшарттық міндеттерін адал орындамағандар да бар. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы мәлімдеді.
"Осыған байланысты прокуратура қасақана бұзушыларға қатысты шаралар қабылдау бойынша қадағалау актісін енгізіп, нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар 7 келісімшартты бұзып, мемлекетке кадастрлық құны 1 млрд. теңгеден асатын 116 га жер учаскесін қайтарды", – деп жазылған хабарламада.
Ал 10 келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылар оларға жер беру үшін негіз болған 6 млн. теңге сомасында шарттарды орындады.
Оқи отырыңыз: "Жоғары соттың шешімі бар". Алматыда кәсіпкер 16 сотық жерді заңсыз иеленіп алған