Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті "Chia Tai Tianging" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімше басшысына қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы ҚР Қаржылық монтиторинг агенттігі хабарлады.

Шымкент қаласының тұрғыны 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың сәуірі аралығында аталған қаржы пирамиданың қаладағы филиалын басқарғаны анықталды. Ол 700 млн теңгеге материалдық залал келтіре отырып, екі жүзден астам салымшы тартқан.


Оқи отырыңыз: Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет ететін ұйымдар тізімін жариялады


Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды және іс сотқа жіберілді.

"Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін ескертеміз. Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз", – деп жазылған хабарламада.