Щучинскіде дәмханада газ баллоны жарылып, 7 адам қаза болды. Қылмыстық іс қозғалды
27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласындағы "Центр плова" дәмханасында газ баллоны жарылып, салдарынан өрт шықты. Қайғылы оқиға жеті адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті.
ТЖД мәліметінше, жарылыс бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан дәмханада болған. Оқиға орнынан сегіз газ баллоны шығарылды.
Дәмханада болған жарылыстан кейін зардап шеккендер саны 26 адамға жетті. Қазіргі уақытта Щучинск қаласының стационарына әртүрлі дәрежедегі күйік жарақаттарымен 13 науқас жеткізілген. Олардың алтауын Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық ауруханаға ауыстыруға дайындық жүргізіліп жатыр.
Жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.