Шетелдік жұмыс күшін тартуға 2025 жылға арналған квота мөлшері белгіленді
Квота пайыздық мөлшермен есептеледі.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2025 жылға арналған квота мөлшерін белгіледі.
Ол жұмыс күшінің санына қатысты келесі пайыздық мөлшерде болмақ:
- жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге беретін рұқсаттар бойынша 0,2%-ы;
- еңбекші көшіп келушілерді тартуға 3%-ы.
"Квота мақсаты – 2025 жылға арналған Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу", – делінген министрліктің түсіндірме жазбасында.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзған 50 шетел азаматы елден шығарылды
- Қазақстан аумағында 14 мың шетел азаматы жұмыс істеп жүр