Шетелдік тәлімгерлер қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыруға міндеттеледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ережені заң жүзінде бекіткісі келеді.Еңбек министрлігі қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыратын шетелдік тәлімгерлерді қабылдайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.
Оның айтуынша, бұл шара қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Қазір шетелдік жұмыс күші ретінде тартылған шетелдік қызметкерлер құзыреттері мен дағдыларын қазақстандық мамандарға үйреткен жоқ. Министрлік мұны нормативтік актімен бекітпек.
"Бізге бірінші санат бойынша келгендер, құрылымдық бірлестіктердің басшылары, ұйымдардың басшылары және тікелей негізгі қызметкер ретінде келген адамдар бұл дағдыларды қазақстандық қызметкерлерге беруі керек. Олар елден кеткеннен кейін қазақстандық қызметкерлер олардың орнын толтыруы керек", – деді ол.
Оқи отырыңыз: "Болашақпен" тіл курсын оқып, қалай шетелде білім алуға болады?
Сондай-ақ, ол аталған бағдарламаға мемлекеттен қаражат әлі бөлінбегенін, өйткені шетелдік жұмыс күші Қазақстанға келмес бұрын кәсіпорында жұмыс істеуге рұқсат алу үшін елден рұқсат сатып алатынын айтты.