Алматы облысында Шерзат Болаттың өліміне қатысы бар деген күдікпен тағы бір адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.

Полиция мәліметінше, Шерзат Болатты өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында 17 қазанда тағы бір күдікті – К. есімді азамат ұсталды.

"Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында", – делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.