Серік Сәпиев Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
Ол комитетті 2019 жылдың қаңтар айынан бастап басқарды.Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен кетті.
"Ол өз еркімен спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды", – деп растады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Сәпиев комитетті 2019 жылдың қаңтар айынан бастап басқарды. Бұған дейін 2014-2017 жылдары Astana Arlans ЖШС бас директоры болған, ал оның алдында – 2013-2014 жылдары Қазақстан бокс федерациясының спорт директоры қызметін атқарды.