Сербия президенті Александр Вучич мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Сербия басшысын әуежайдан ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Үкіметтің хабарлауынша, сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу жоспарланған. Кездесулер барысында:

  • саяси диалогты нығайту;
  • сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту;
  • мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады.

Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктестерінің бірі. Дипломатиялық қатынастардың 30 жылында екі ел арасында өзара құрмет пен сенімге негізделген байланыс қалыптасты.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 7,6%-ға өсіп, 107 млн доллардан асты.