Қаланың басым бөлігінде кенеттен электр қуаты өшіп қалды.

"Сағат 13.30-да «KEGOC» АҚ желілерінің ажыратылуына байланысты Семей қаласының тұтынушыларына шектеу қойылды. 13.45-те электр қуатын беру қалпына келтірілді", – деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Қала әкімдігі электр қуатының қайта жанданғанын растады. Олар қазір қалада жедел топтардың жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Электр қуатының өшіп қалу себептері анықталуда.


Оқи отырыңыз: Оралда апат салдарынан 1530 абонент жарықсыз қалды