Семейде үлкен киім базары өртеніп жатыр: аумағы 4 мың шаршы метрге жетті
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.Семей қаласының өрт сөндірушілері сауда ғимаратындағы өртті ауыздықтап жатыр, деп хабарлайды Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ақпанның 5-інен 6-сына қараған түні өрт сөндіру қызметіне Засядько көшесі, 65 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында түрлі тауарлар салынған пластикалық бутиктер өртеніп, жалын екінші қабат пен шатырға жайылған.
Ғимаратта қатты түтін шыққаны хабарланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқи отырыңыз: Бақордадағы базардың бұзылатынын естіген саудагерлер бас көтерді
Алдын ала өрт аумағы 4000 м2 астам. Өрттің шығу себебі анықталуда.
"Оқиға орнында өрт сөндіру штабы жұмыс істейді. Күштер мен құралдар №3 разряд бойынша жұмыс істеуде. Сөндірудің қиындығы жоғары температурада, жоғары өрт жүктемесінде, тез тұтанатын материалдарда және ғимарат схемасының күрделілігінде. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге жеке құрамның 349 адамы, 47 бірлік техникасы мен бір өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған», – деп жазылған хабарламада.