Семейде үйлердің қасбетін жөндеу жұмыстары басталды
Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов мердігер ұйымдардың басшыларымен қала үйлерінің қасбеттерін бояу бойынша көшпелі кеңес өткізді.Биыл Семей қаласында 40-қа жуық үйдің қасбетіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Оған 4 мердігер ұйым қатысады.
2023 жылы 32 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне ағымдағы жөндеу жоспарланған. Олар:
- Найманбаев, 163;
- Абай, 92;
- Ш. Уәлиханов, 110;
- Мәңгілік ел, 10;
- Уранхаев көшесі, 65;
- Мәңгілік ел, 15;
- Б. Момышұлы көшесі, 9;
- Ибраев көшесі, 147;
- Б. Момышұлы көшесі, 11;
- Б. Момышұлы көшесі, 10;
- Б. Момышұлы көшесі, 35;
- Б. Момышұлы көшесі, 14;
- Б. Момышұлы көшесі, 37
- Қ. Мұхамедханов көшесі, 49;
- Б. Момышұлы көшесі, 39;
- Шәкәрім даңғылы, 35;
- Б. Момышұлы, 6;
- 1 шағын аудан, 7 үй;
- Б. Момышұлы, 4;
- Сәтбаев көшесі, 9;
- Ибраев, 155;
- Сәтбаев, 20;
- Ибраев, 156 / Шәкәрім даңғылы, 9 (Эльдорадо);
- Сәтбаев, 45;
- 1 шағын аудан, 1 үй;
- Сәтбаев, 148;
- 1 шағын аудан, 2 үй;
- Сәтбаев, 150;
- 1 шағын аудан, 4 үй;
- Сәтбаев, 152;
- 1 шағын аудан, 5 үй;
- Мәңгілік ел, 49.
"Үйлердің сыртын бояп қана қоймай, күрделі жөндеуден өткізу керек. Қазіргі таңда үйлердің сылақ қабырғалары құлап жатыр. Қасбеттерді жөндеу кезінде осыған мән берген дұрыс. Боялған қабырғалардың түсі ұзақ жыл бойы сақталуы шарт", – деді қала әкімі мердігер ұйымдардың басшыларына.