Семейде көпбалалы 32 отбасыға тұрғын үй кілті табысталды
Бүгін Республика күніне орай Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов мемлекеттік тұрғын үй қорында "Көпбалалы отбасы" санаты бойынша кезекте тұрған 32 отбасына Ұшақтар кентінен жеке тұрғын үйлердің кілтін табыстады.
Биылғы жылдың басынан бастап пәтер кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларға Комсомол кентінен 50-ден астам жеке үйлердің кілттері табысталды. Аталған тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз берілетін жалдамалы тұрғын үйлер болып табылады.
Әр үйдің жалпы ауданы 80-100 шаршы метрді құрайды, үйлер жылыту пештерімен толық қамтамасыз етілген, жөндеу жұмыстарын қажет етпейді. Ауласында бау-бақшаға арналған арнайы бос орын бар.
"Бүгін 32 отбасы Архат көшесіндегі үйлерден баспаналы болды. Баспана иелерін – осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа үйлер берекелі болып, барша шаңыраққа қуаныш әкелсін. Республика күні құтты болсын" – деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Айта кетейік, Семей қаласы бойынша үй кезегінде 13 000-нан астам қала тұрғындары тіркелген. Сондай-ақ, биыл жыл соңына дейін 200-ден астам әлеуметтік осал және көпбалалы отбасылар тойлайды. Отбасыларды тұрғын үймен қолдаудың кешенді моделі жалғасатын болады.