Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 253 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді.

2025 жылғы 16 мамыр күні Астана уақытымен сағат 05:12-де Қазақстан Республикасы ТЖМ "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық желісі жер сілкінісін тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстанда, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым жерде орналасқан", – деп жазылған орталық хабарламасында.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеді деп түсіндіріледі.

Бұл ретте, Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, 6 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 05:12-де Шығыс Қазақстанда 1 шақырым тереңдікте магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі болды. Оның бастауы Ақсу қаласынан (Қытай) 164 шақырым және Алматы облысындағы Кеген ауылынан 70 шақырым жерде орналасқан.