Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі тек диплом таратумен айналысып жүрген ЖОО-ларды жабу бойынша ауқымды жұмысты атқарды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады, деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Адами капитал – Жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы" форумында.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде осы бағытта 15-ке жуық сот ісі қаралып жатыр. Бұл жоғары оқу орындары жабылуы мүмкін.

"Министр ретінде бірінші кезекте білім сапасына жауап беремін. Жалпы, барша білім беру жүйесі бұл ұстанымға ерекше назар аударғаны жөн. Егер жоғары оқу орны министрлік айқындаған регламентке сай келмесе, біз бұл мәселені қатаң бақылауға аламыз", – деді Саясат Нұрбек.


Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Жоғары оқу орнының лицензиясы 5 жылға ғана беріледі