Сәуірде Астанада Қазақстан машина жасаушыларының дәстүрлі форумы өтеді
2-3 сәуірде Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы өтеді, деп хабарлады ҚМЖО баспасөз қызметі. Бұл форум – мемлекет пен бизнес арасындағы негізгі диалог алаңы болмақ.
Форумдада машина жасау саласы мен өңдеу өнеркәсібін дамытудың тұжырымдамалық бағыты айқындалады. Сондай-ақ, мемлекеттік өнеркәсіптік саясат тетіктері, импортты алмастыруды ынталандыру шаралары, технологиялық жаңғырту және отандық өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланады.
"Форумға мыңнан астам адам, оның ішінде 20-дан астам елден келген мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес-қоғамдастық, ірі тұтынушылар мен машина жасау өнімдерін өндіруші жетекші компаниялардың қатысады деп жоспарлап отырмыз", – делінген ресми хабарламада.
Форум аясында 1-3 сәуір аралығында "EXPO" халықаралық көрме орталығында машина жасау саласының әртүрлі бағыттарына арналған заманауи технологиялар, жабдықтар мен шешімдер ұсынылатын "Kazakhstan Machinery Fair 2026" халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді.
Шараға форум сайтына кіріп тіркелуге болады.