Сауалнама: Респонденттердің 92%-ы жыныстық зорлық-зомбылық тақырыбын өзекті деп санайды
Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 72%-ы құрбандар өз құқығын дұрыс қорғауы үшін полицияға жүгінуі керек деп есептейді.2021 жылдың 13-19 қыркүйегі аралығында 14 облыс пен мемлекеттік маңызы бар қалаларда 1 100 респондент "Қазақстандықтардың жыныстық зорлық-зомбылыққа көзқарасы" тақырыбындағы сауалнамаға қатысты. Нәтижесінде қазақстандықтардың басым бөлігінің жыныстық зорлық-зомбылыққа бей-жай қарамайтыны белгілі болды, деп хабарлады MediaNet халықаралық журналистика орталығы.
Сауалнамаға қатысқандардың 82%-ы жыныстық зорлық-зомбылық тақырыбын өзекті деп таныды. Дәлірек:
- 54%-ы – бұл өте өзекті мәселе;
- 28%-ы – өзекті, бірақ бізде одан да маңызды проблемалар бар;
- 11%-ы – аса өзекті емес, бұл әр адамның жеке басына қатысты проблема;
- 7%-ы – мүлдем өзекті емес, ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпын.
Жалпы сауалнамаға қатысқандардың 92%-ы жыныстық зорлық-зомбылық оқиғаларының назардан тыс қалмауы, сондай-ақ, онымен мемлекеттік деңгейде күрес жүргізу керектігін алға тартты.
- 57%-ы – құрбандарды ұжым болып заң деңгейінде қорғауымыз қажет;
- 1%-ы – бұл мәселеге араласудың қажеті жоқ, оны әркім өзі шешуі тиіс;
- 35% – басқа адамның құқығын бұзған қылмыскер міндетті түрде жазалануы керек;
- 6% – қоғам араласпауы керек, әркім өзін қорғасын;
- 7% – жария етсе, құрбанға кері әсері тиюі мүмкін, сол үшін үндемесін.
Мұнымен қатар, респонденттердің 72%-ы құрбандар өз құқығын дұрыс қорғауы үшін полицияға жүгінуі керектігін айтты. Сондай-ақ:
- 15%-ы – жұмыста басшыға немесе кадрлар бөліміне бару керек;
- 10%-ы – құқық бұзушымен тікелей сөйлесіп, одан бұлай жасамауын сұрау;
- 7%-ы – достар, туыстар, отағасына айту;
- 4%-ы – аса қатты мән бермеу, ешкімге тіс жармау;
- 3%-ы – жұртқа жария болып, арты жаман болмас үшін мүлдем әрекет етпеген дұрыс деп санайды.
Жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға қандай шаралар көмектеседі:
- 55% – әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің болуы;
- 34% – мектеп бағдарламасына жыныстық тәрбие туралы пән енгізу;
- 33% – құқықтық және этикалық сауаттылықты көтеру;
- 38% – құрбандарды заң деңгейінде қорғау, шаралар қолдану;
- 29% – белсенді ақпараттық кампания жүргізу.