Сәтбаевта мас жүргізуші дәмхананың жанында тұрған бір топ жасөспірімді қағып кетті
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр.
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында дәмхананың жанында тұрған бір топ жасөспірімді көлік қағып кеткен, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
"Абай көшесіндегі бір дәмхананың жанында көлік жүргізуші жол шетінде тұрған екі жасөспірімді қағып кетті. Полиция қызметкерлері мас адамды бірден ұстады. Дәрігерлер балаларды тексеріп, үйіне жіберді. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", – делінген хабарламада.
Қазір полиция іс матерталдарын сотқа жолдаған.