Сарыағашта құс фабрикасынан 1800 жұмыртқа жымқырған жұмысшылар ұсталды
Жәбірленушіге 150 мың теңге көлемінде шығын келген.Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Онда жәбірленуші ер адам құс фабрикасындағы қоймасынан белгісіз біреулер 1800 жұмыртқаны ұрлап кеткенін көрсеткен. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Жәбірленушіге 150 мың теңге көлемінде шығын келген. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша тіркеді. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікке ілінген көлік анықталып, тексерілді.
Көлік ішіндегі үш ер адамнан шелектерге салынған тауық жұмыртқалары тәркіленіп алынды. Олар 30-35 жас аралығындағы сол ферманың жұмысшылары болып шықты. Анықталғандай, олар күндізгі уақытта 10 шелек артық жұмыртқаны дайындап кетіп, түнгі уақытта қоймадан алып шыққан. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жұмыртқа мен құс етінің бағасы тағы 20% қымбаттайды