Шаруаларға арналған субсидия: 1 ақпаннан бастап қалай өтінім беруге болады?
Жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз негізде қызмет көрсетеді.2023 жылдың 1 ақпанынан бастап фермерлердің субсидиялауға өтінімдері қабылданады. Олар өз өтінімін gosagro.kz веб-порталына кіріп бере алады. Жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз негізде қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Министрліктің хабарлауынша, 2022 жылдың 31 желтоқсанында бұрынғы Qoldau.kz порталынан инвестициялық субсидиялау бойынша толық мәлімет алынды. Қазіргі уақытта ақпараттық базаны жаңа жүйеге енгізу жұмыстары жүргізілып жатыр.
Жүйе жер учаскелері, ауыл шаруашылығы жануарлары, техника және арнайы көлік жөніндегі деректермен, кооператив мүшелері туралы мәліметтермен, сондай-ақ "алқаптар картасымен" біріктірілгендіктен, фермерлер қосымша анықтама ұсынбайды.
Оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің айлығы орташа жалақыдан 40 пайыз төмен
"Аталған ақпараттық жүйе өтінімге реттік нөмір беріп, ары қарай "күту парағы" қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бюджет "күту парағындағы" кезек бойынша бөлінеді, фермерлер тарапынан қосымша іс-әрекет қажет емес. Бұл тәсіл қаражат бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді", – делінген хабарламада.