"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы болып Нұрлан Жақыпов тағайындалды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасын ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов  таныстырды.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет басшысы қордың алдында инвестициялар тарту, энергетикалық кешенді дамыту, республиканың инфрақұрылымдық, көлік-логистикалық және индустриялық дамуын қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.

"Әрбір еншілес компания мен холдинг жұмысының басым бағыттары және KPI айқындалған, перспективалы міндеттер түсінікті. Қор – біздің елімізде үлкен активтерді басқаратын өте маңызды құрылым. Қордың тиімді жұмысына көп мәселе, әсіресе, бүкіл экономикаға және еліміздің одан әрі дамуына әсер ететін ірі жобалар байланысты болып отыр", – деді Әлихан Смайылов. 

Нұрлан Жақыпов бұған дейін Kazakhstan Investment Development Fund басшысы болып қызмет атқарған болатын. Ол "Астана" ӘКК" ҰҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры лауазымында болған.

"Қаржылық және басқару саласында 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар. "Қазатомөнеркәсіп", "Тау-Кен Самұрық" сынды ұлттық компаниялар мен "RBS (Kazakhstan) еншілес банкі сынды бірқатар мемлекеттік және халықаралық компанияда басқарушы лауазымдарды атқарды.


Бүгінгі басқа да тағайындаулар: