ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда сайты. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, Тимур Құлыбаевтың ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығынан кеткені туралы хабарлаған едік. Ол барша әріптестеріне алғыс білдірді.