Салымшылар шартты біржақты бұзған R.O.I тұтынушылар кооперативіне қарсы наразылық танытты
Кооператив пәтердің алғашқы жарнасын 180 мың теңгеден баспана құнының 30 пайызына дейін көтеріп жіберген.Алматы облысында R.O.I тұтынушылар кооперативіне ақша құйып, пайызсыз үй алмақ болған бір топ салымшы наразылық танытты. Кооператив пен салымшылар арасында жасалған клісімшартқа сәйкес, алғашқы жарна 180 мың теңгені құраған. Бұдан бөлек, олар 10 ай бойы айына 50 мың теңгеден қаржы құйып отыруы керек болған. Салымшылар бұл талаптарды орындап, енді үйдің кілтін аламын деп отырғанда кооператив шарт талабын бір жақты бұзып отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
R.O.I. тұтынушылар кооперативіне қаржы құйған талдықорғандық Күпән Рапханның айтуынша, ол шарт талаптарын толық орындап қана қоймай, кооперативке өзге де салымшыларды тартқан. Алайда кооператив енді салымшыларға "пәтер кілтін алу үшін оның құнының пәтер кілтін алу үшін оның құнының 30 пайызын алдын ала төлеу қажет" деген жаңа талап қойып отыр. 30 пайыз – бұл алғашқы жарна, бұдан кейін тағы 10 ай күтуі тиіс.
Көксу ауданының тұрғыны Қиса Бейсенбектің айтуынша, кооперативке тіркелген 22 мың адамның тек 1 250-і ғана үй алған.
"Шарт талаптарын өзгерту не қосымша шарттар енгізу кооперативтерде бұрыннан бар тәжірибе. Бізде дауыс беру нәтижесінде кворум қабылданды. Оған сәйкес, біз үшін 50 мың теңгеден тұрғын үй бағасының ең кем дегенде 30 пайызын жинау маңызды болып тұр", – дейді R.O.I тұтынушылар кооперативінің төрағасы Арген Нұржанов.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: