"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Құлсары қаласына келіп жетті, деп хабарлады Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

Пойыз құрамында 40 маман – медицина қызметкерлері, медиаторлар мен заңгерлер бар. Дәрігерлік құрамда терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы тәжірибелік дәрігер, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, педиатр, онколог-маммолог, гинеколог және уролог мамандары бар. Қажет болған жағдайда мамандар шағын операциялар жүргізіп, жоспарлы емдеуге жолдама береді.

"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Құлсары қаласында 26-28 мамыр аралығында аялдап, тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді.

Әлеуметтік жобаның мақсаты – ел аймақтарының шалғай станциаларында тұратын азаматтарға тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсету. 


Оқи отырыңыз: Құлсарыдағы су тасқыны: Малынан айрылғандарға 120 млн теңгеден астам өтемақы төленді