Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 18.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 53,11% бюллетеньдер алды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.

Оның ішінде:

  • Абай облысы бойынша – 56,14%;
  • Ақмола облысы бойынша – 59,49%;
  • Ақтөбе облысы бойынша – 56,88%;
  • Алматы облысы бойынша – 59,74%;
  • Атырау облысы бойынша – 49,19%;
    Батыс Қазақстан облысы бойынша – 58,81%;
  • Жамбыл облысы бойынша – 65,00%;
  • Жетісу облысы бойынша –55,07%;
    Қарағанды облысы бойынша – 58,85%;
  • Қостанай облысы бойынша – 65,00%
  • Қызылорда облысы бойынша – 65,70%;
  • Маңғыстау облысы бойынша – 54,04%;
  • Павлодар облысы бойынша – 58,61%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –64,46%;
  • Түркістан облысы бойынша – 51,07%;
  • Ұлытау облысы бойынша – 58,63%;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,63%;
  • Астана қаласы бойынша – 40,94%;
  • Алматы қаласы бойынша – 22,95%;
  • Шымкент қаласы бойынша – 43,89%

Келесі жедел ақпарат сағат 20.10-да беріледі.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау қалай өтіп жатыр? Live


Айта кетейік, сайлауға жеті партия өз кандидаттарын ұсынды. Олар: "Ақ жол" демократиялық партиясы, Amanat партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Байтақ" "жасылдар" партиясы, Қазақстан халықтық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Respublica партиясы. Сондай-ақ, осы сайлауда өзін-өзі ұсынғандар да мәжіліс депутаты бола алады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда сайлауда дауыс беруге 12 032 550азаматтың құқығы бар.