ОСК мәліметінше, дауыс беруде белсенділік танытып жатқан өңірлер қатарында Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, ШҚО, Павлодар және Ұлытау облыстары бар.

Ал керісінше белсенділігі ең төмен өңір көшін Алматы бастап тұр.

"2023 жылғы 19 наурызда сағат 10.10-ғы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 14,21 % бюллетеньдер алды" делінген ОСК хабарламасында.

  • Абай облысы бойынша – 15,13%;
  • Ақмола облысы бойынша – 15,61%;
  • Ақтөбе облысы бойынша – 12,44%;
  • Алматы облысы бойынша – 15,32%;
  • Атырау облысы бойынша – 12,94%
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 12,96%;
  • Жамбыл облысы бойынша – 16,54%;
  • Жетісу облысы бойынша – 15,93%;
  • Қарағанды облысы бойынша – 16,31%;
  • Қостанай облысы бойынша – 16,23%;
  • Қызылорда облысы бойынша – 12,64%;
  • Маңғыстау облысы бойынша –12,36%;
  • Павлодар облысы бойынша – 16,49%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 15,93%;
  • Түркістан облысы бойынша – 15,62%;
  • Ұлытау облысы бойынша – 16,38%;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 16,11%;
  • Астана қаласы бойынша – 13,58%;
  • Алматы қаласы бойынша – 8,51%;
  • Шымкент қаласы бойынша – 12,57%.  

Оқи отырыңыз: Қазақстанда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау қалай өтіп жатыр? Live


Сайлауға жеті партия өз кандидаттарын ұсынды. Олар: "Ақ жол" демократиялық партиясы, Amanat партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Байтақ" "жасылдар" партиясы, Қазақстан халықтық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Respublica партиясы. Сондай-ақ, осы сайлауда өзін-өзі ұсынғандар да мәжіліс депутаты бола алады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда сайлауда дауыс беруге 12 032 550 азаматтың құқығы бар.