2021 жылы сәбилер үйінен пана тапқан балалар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 19% өсті. 2020 жылы керісінше көрсеткіш 27 пайызға төмендеген еді. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

2014 жылы сәбилер үйіне келген балалар саны 1 258-ге жетсе, 2015 жылы бұл көрсеткіште өзгеріс болмады.

2016, 2017, 2018 жылдары сәбилер үйіндегі балалар саны азайса, 2019 жылы бұл көрсеткіш өсіп, 1 133 баланы құрады. 8 жылдағы ең төмен көрсеткіш 2020 жылы тіркеліп, 831 адам болды. Алайда, былтыр бұл көрсеткіш бірден 19% өсіп, сәбилер үйіндегі балалар саны 1 026-ға жетті:

  • 2018 – 1 105;
  • 2019 – 1 133;
  • 2020 – 831;
  • 2021 – 1 026.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ғылымнан кеткен зерттеушілер саны 6 жылда қалай өзгерді? Инфографика


2021 жылғы көрсеткішке сәйкес, өңірлер бойынша Алматы облысы (104 бала), Шығыс Қазақстан облысы (164 бала) және Астана қаласында (134 бала) сәбилер үйіндегі балалар саны көп.