Руслан Желдібай президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды
Ол бұған дейін премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда сайты.
Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы "Қазақстан" телеарнасында редактор болып бастаған. 2012-2018 жылдары "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер болған. 2018-2019 жылдары Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, басшысы лауазымын атқарған.
2019-2020 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.
Соңғы жылдары президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарды.