Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа баспасөз хатшысын тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың хабарламасында. 

Бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарған Берік Уәли бүгін Абай облысының әкімі болып тағайындалды. 

Еске салайық, бұл – Руслан Желдібайдың президенттің баспасөз хатшысы болып екінші мәрте тағайындалуы. Ол 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.