Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары – ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымынан босатылып, жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды "Ақорда" сайты. 

"Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, президент жарлығымен Мұрат Бектанов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.

Еске салсақ, Қазақстанда министрлердің орташа жасы өскенін хабарлаған едік. Министрлердің ең жасы 38-де, ең үлкені 59 жаста.