РОП операторының басқарушы директоры Руслан Шәмшиев өз-өзіне қол жұмсады
Руслан Шәмшиевтің өліміне қатысты полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр."Оператор РОП" ЖШС басқарушы директоры Руслан Шәмшиев өз-өзіне қол жұмсаған. Мұны Нұр-Сұлтан полиция департаменті растады.
"Ер адам мәйітінің табылуына байланысты Есіл ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда қажетті тергеу жұмыстары жүріп жатыр" деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаменті.
Руслан Шәмшиев 2021 жылы "Оператор РОП" ЖШС құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры қызметіне тағайындалған. Бұған дейін ол "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында қызмет атқарды.
Оқи отырыңыз: Экология вице-министрі мен "Оператор РОП" ЖШС басқарма төрағасы ұсталды