Роман Скляр: Прокуратура Абай облысындағы өртке жауаптыларды тексеріп жатыр
Роман Скляр бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің қызметтен неге босатылғанын айтты.Прокуратура Абай облысындағы өртке жауаптыларды тексеріп жатыр. Бұл туралы үкімет кулуарында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.
"Оқиға орнында жағдайды дұрыс бағаламаған. Өрт тез өршіп кеткендіктен, осындай жағдай орын алып отыр. Біз үлкен өрттің алдын алуға болатын сәтті жіберіп алдық. Адам шығыны болды. Бұған төтенше жағдайлар министрлігі де, орман шаруашылығы қарайтын экология және табиғи ресурстар министрлігі де кінәлі. Қазір прокуратура тексеріс жүргізіп жатыр. Толық жауап береді", – деді Роман Скляр.
Журналистер вице-премьерден бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің неге бірден әрекетке көшпей, президенттен тапсырма күткенін сұрады.
"Ол сол үшін де жұмыстан шығарылды", – деді Роман Скляр.