Бүгін, 21 сәуірде, Рим Папасы Франциск қайтыс болды, деп хабарлайды Ватикан.

"Бүгін таңғы сағат 07:35-те Рим епископы Франциск Әкеcінің үйіне оралды. Оның бүкіл өмірі Құдайға және оның шіркеуіне қызмет етуге арналды," – деді Ватиканның камерленгосы кардинал Кевин Феррелл.

Архиепископ Диего Равеллидің айтуынша, Папа Франциск өмірінің соңында рәсімдерді жеңілдетуді өтініп, "понтифик жерлеуі – бұл әлемдегі қуатты адамның емес, жай ғана пастордың жерлеуі" дегенін айтты.


Оқи отырыңыз: Алматыда мотоцикл жол жұмысшыларын қағып, екі адам көз жұмды


Оның жасы 88-де болған. Рим Папасы Франциск ұзақ уақыт ем қабылдаған еді.