Ресейлік би академиясы қазақстандық жас дарындарды оқуға тегін қабылдайды
Іріктеу 21 қараша күні Алматы қаласындағы би студиясында өтеді.Жас қазақстандықтардың Ресейдің үздік би училищесінде оқу мүмкіндігі бар. Бұл үшін Санкт-Петербургтегі Борис Эйфман атындағы би академиясының ұстаздары арнайы Қазақстанға келеді.
Ресейдегі Борис Эйфман хореография училищесі – балаларды 8 жастан бастап қабылдайтын жалғыз орда. Онда оқитын балалар Санкт-Петербургтегі мемлекеттік Бориса Эйфман атындағы академиялық балет театрының сахнасында ғана емес, Маринский, Михайловский және Александринский театрларында өнер көрсетуге мүмкіндік алады.
Барлық ТМД елдерінен келген тәрбиеленушілерге интернаттан орын мен тамақ тегін. Мамандардың көңілінен шыққан балалар Санкт-Петербург қаласында өтетін емтиханға рекомендеу алады немесе бір апта тегін тағылымдамадан өтеді.
Мамандар жас таланттардың өнерін 2021 жылдың 21 қарашасында сағат 14:00-де тамашалайды. Мекенжайы: Гагарин көшесі, 309, "Комфорт" тұрғын үй кешеніндегі "Балетики" студиясы. Өздерімен бірге су киімін немесе қысқа балақ шалбар мен майкі, балет туфлиін және медициналық бетперде ала келуі тиіс.