Конституцияға референдумда қабылданған өзгерістер күшіне енді
Қазақстан Ата Заңының 33 бабына 56 өзгерту енгізілді.5 маусымда өткен референдумда Қазақстан Конституциясына мемлекет азаматтарының қолдап дауыс беруімен қабылданған өзгертулер күшіне енді. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң "Егемен Қазақстан" басылымында 8 маусымда жарияланды.
Дауыс беруге 7 985 769 адам (дауыс беру құқығы бар азаматтардың 68,05%-ы) қатысып, олардың 77,18 пайызы Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап дауыс берді.
Конституцияға енгізілген өзгерістердің негізгілері:
- Қазақстан басқарудың суперпрезиденттік формасынан мықты парламентке ие президенттік формаға көшеді;
- президенттің туыстарына жоғары мемлекеттік қызметтерді атқаруға тыйым салынады;
- жер мен жер астындағы байлық халыққа тиесілі болады;
- қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады;
- Қазақстанда өлім жазасы болмайды;
- мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша қалыптасады;
- сенаттағы президенттік квота қысқарады, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады;
- мажоритарлық жүйе сайлаушылардың қалауы бойынша депутаттың өкілеттігін тоқтатуға мүмкіндік береді.