Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы мәліметінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 14:00-дегі жағдай бойынша республика бойынша дауыс берген азаматтардың үлесі 51,93%-ды құрады.

Осы уақытқа дейін 6 471 378 азамат бюллетень алған.

Өңірлер бойынша дауыс беруге қатысу көрсеткіші төмендегідей:

Абай облысы – 61,04%
Ақмола облысы – 60,05%
Ақтөбе облысы – 61,37%
Алматы облысы – 56,13%
Атырау облысы – 56,54%
Батыс Қазақстан облысы – 49,97%
Жамбыл облысы – 51,13%
Жетісу облысы – 59,82%
Қарағанды облысы – 57,32%
Қостанай облысы – 56,51%
Қызылорда облысы – 64,63%
Маңғыстау облысы – 53,14%
Павлодар облысы – 53,31%
Солтүстік Қазақстан облысы – 52,37%
Түркістан облысы – 58,03%
Ұлытау облысы – 52,06%
Шығыс Қазақстан облысы – 59,60%
Астана – 40,68%
Алматы – 21,68%
Шымкент – 58,24%

"Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 31-бабы 2-тармағына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысса, референдум өтті деп есептеледі.

Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де жарияланады.