Референдум - 2026: Оңтүстік Корея мен Жапонияда сайлау учаскелері ашылды
Шетелде 14 мыңға жуық қазақстандық дауыс бере алады.
Оңтүстік Корея мен Жапонияда конституциялық реформа бойынша референдумда дауыс беретін қазақстандықтар үшін алғашқы сайлау учаскелері ашылды.
Бұл туралы жексенбі, 15 наурызда, Қазақстан СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
"Шетелдегі барлық референдум учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған. Ең бірінші болып қазақстандықтар Корея мен Жапонияда дауыс бере алады. Сеулде №422 және Токиода №425 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды", – делінген ведомство хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Референдум - 2026: жаңа Конституция жобасын қаншалықты білесіз? Тест