Бүгін Қызылорда қаласында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өз жұмысын бастады.

Құрылтай отырысына танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-қауымдастық, сараптамалық орта және облыстардағы қоғамдық кеңестердің мүшелері қатысып жатыр. 

Жиын барысында қоғамдық келісім, ұлттық бірегейлік, өңірлерді дамыту, білім мен мәдениет салаларын жетілдіру сияқты бағыттар бойынша пікір алмасу күтіледі.