Қызылордада Сеул университетінің жасанды интеллект мектебі ашылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Корея Республикасында Сеул Ұлттық ғылыми-техникалық университетінің Президенті Ли Донг Хун мырзамен кездесті. Сондай-ақ, басқосуға ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек вице-министрлермен бірге онлайн қосылып, бастамаларға қолдау көрсетілетінін айтты.

"Корея мен Қазақстан арасында биыл халықаралық ынтымақтастық жөнінде жетекші университеттік жоба әзірленді. Жоба Корея Республикасының үкіметінде мақұлданды. Осыған орай гранттық жоба ретінде білім министрлігінен 1 млрд теңге бөлінеді" – делінген хабарламада.

Нәтижесінде, өңірде IT технологиялар, киберқауіпсіздік және компьютерлік ғылым бойынша білім беріледі.