Республикалық бюджеттен 320 млн теңге бөлініп, Ғани Мұратбаев және Ахмет Яссауи көшелерінің қиылысындағы теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысы қарқын алды. Бұл көпір қараша айына дейін пайдалануға беріледі. 

Бұдан бөлек, "Қызылжарма" каналы арқылы "Бәйтерек" тұрғын ауданына өтетін автомобиль көпірі салынып жатыр. Оның құрылысына 366 млн теңге бөлінді. Нысан жоспарлы мерзімде қолданысқа тапсырылады. 

Айта кету керек, теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі қалаға іргелес жатқан Белкөл кентінде де салынып, жыл басында табысталған болатын.