Биыл Қызылорда қаласындағы және оған қарасты кенттер мен ауылдық округтердегі, шет аймақтардағы ұзындығы 225,4 шақырымды құрайтын 278 көшеге күрделі және орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған бюджеттің барлық көздерінен 11 млрд 481 млн теңге бөлінген.

Ерекше атап өту керек, жөнделетін жолдардың 80 пайызы ауылдар мен шет аймақтарға тиесілі. 

Сонымен қатар, аймақ басшысының қолдауымен облыстық бюджеттен бөлінген 690 млн теңгеге 19 көшенің қос қапталына жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр.