Маңғыстау облысында тұрғындар "Қытайдан тікелей тауар алып беремін" деген әйелге алданғанын айтып шу шығарды. Айтуларынша, соңғы 1,5 жылдан бері Нұргүл есімді әйелден тауарын ала алмай жүр, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

"Тауар жоқ, тапсырыс та бермеген. Біздің қаражатымызға зат, үй немесе көлік алған шығар. Үйін сатып, біздің ақшаны қайтарсын. Біз қолымыздағы ақшаға Америкаға барып қыдырып жүрген жоқпыз", – деді жәбірленуші Анар Зәкібай. 

Тағы бір жәбірленуші Айдана Мәлікбаева өзінен тауар алып жүрген 70 шақты саудагерге қарыз екенін айтады. 


Оқи отырыңыз: "Пайызсыз несие": Қаржы агенттігі Telegram алаяқтарынан абай болуға шақырды


"Мен саудагерлерге 60-70 млн теңге қарызбын. Ол ақшаның барлығын қайтара алмаймын. Біздің ақшамызды осылай жеп жатыр, ал біз оны қайдан тауып береміз?" – деді Айдана Мәлікбаева. 

Жәбірленушілер халықтың тауарға деп берген ақшасына әйел адам дүние-мүлік сатып алған деп болжап отыр. Айтуларынша, әйелдің үстінен полицияға арыз жазғандар саны мыңнан асқан. 


Оқи отырыңыз: "Үш адамға кредит әперіп, үшеуін де өзім төледім". Қазақтар неге жақындарына несие алып беруге бейім?


"Күдікті үй қамаққа алынды. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр", – деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің бөлім бастығының міндетін атқарушы Әйгерім Ибатуллаева.