Қытайда миллионға жуық WeChat аккаунтын заңсыз сатқан адам түрмеге түсті
Қытайдың Хубэй провинциясына қарасты Гучэн уезінің соты WeChat және QQ аккаунттарын заңсыз сатып алу және сатумен айналысқан тұрғынды үш жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады se7en.ws.
Тергеу мәліметінше, Фен есімді азамат 2018 жылдан бері азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізіп, олардың мессенджердегі аккаунттарын бөтен адамдарға сатумен айналысқан. Осылайша, ол 900 мыңнан астам аккаунтты сатып, 880 мың юаньнан (шамамен 126 мың АҚШ доллары) артық табыс тапқан.
Фен бұл қылығымен 2021 жылы қолға түсіп, 170 мың юань шамасында қаржыны мемлекетке қайтарғаны үшін кепілмен босатылады. Алайда, заңсыз әрекеттерін қоймайды да, тағы да аккаунт сатумен айналысып, бұл жолы табысын бұрынғыға қарағанда еселей түскен.
Соған орай, сот оның жазасын ауырлатып, 3 жыл бас бостандығынан айырумен қатар, қомақты айыппұл салы, заңсыз жолмен тапқан табысын толықтай тәркілеген.