Қытай мен Қазақстан шекарасындағы "Бақты" пункті уақытша жабылады
21 тамыздан бастап өткізу пункті штаттық режимде өз жұмысын жалғастырады.18-20 тамыз аралығында Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан "Бақты" автомобиль өткізу пункті жабылады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.
"2023 жылдың басынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жөніндегі жоба шеңберінде Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан "Бақты" автомобиль өткізу пунктін қайта жаңарту жүргізілуде", – делінген комитет хабарламасында.
Жоспар бойынша, 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында өткізу пунктінің автомобиль жолы арқылы өтетін сыртқы сумен жабдықтау желілерін төсеу жоспарланған. Бұл кезеңде автокөліктердің жүруіне мүмкіндік болмайды.
Оқи отырыңыз: Павлодар тұрғындары "құжатта бар, өмірде жоқ" нысандарға шағымданды
Ал 21 тамыздан бастап өткізу пункті штаттық режимде өз жұмысын жалғастырады.