16 ақпанда қысқы Олимпиада аясында тоғызыншы жарыс күні басталды. Дүбірлі дода Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатыр.

Бүгін Қазақстан құрамасынан алты спортшы үш спорт түрі бойынша жарыс жолына шығады.

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

14:00 – Тау шаңғысы, слалом (ерлер)

Қатысушы: Ростислав Хохлов

15:00 – Шорт-трек

  • 500 м (ерлер): Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев
  • 1000 м (әйелдер): Ольга Тихонова

23:00 – Шаңғымен тұғырдан секіру, командалық жарыс

Қатысушылар: Илья Мизерных, Данил Васильев.

Еске салайық, Михаил Шайдоров Италияның Милан және Кортина қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындары аясында ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан алтын жеңіп алды.