Қыркүйек айынан бастап еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің шәкіртақысы өсті, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Білім қуған жастардың ай сайынғы ақшасы 15 пен 50 пайызға артады.

Мәселен колледж студенттерінің стипендиясы 50 пайызға көтеріліп, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 500 теңге болса, орта буын мамандарынікі 41 800 теңгеге жеткен. Сол секілді бакалаврианттардың шәкіртақысы 47 000 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттарда оқитын қыз-жігіттердің стипендиясы 75 600 теңге болды.

Бұдан бөлек магистранттар мен докторанттарға 15 пайыз қосылған.