Қырғызстан парламенті комитетінің отырысында "Діни сенім еркіндігі және діни бірлестіктер туралы" заң жобасын талқылау барысында депутат Айсұлу Мамашова кәмелетке толмаған қыздарды күйеуге тығуға мәжбүрлейтін медресе оқытушыларын сынады, деп хабарлады 24.kg.

"Медресе оқытушылары өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, қыздардың құлағына күйеуге шығу қажеттігін құйып, екінші, тіпті үшінші әйел болуға мәжбүрлейді. Біз азаматтардың бірнеше әйел алуына заңды жол беріп отырмыз. Бұл шындық. Егер бала медреседе оқитын болса, ол білім алуы керек. Оған күйеуге шығуға "көмектесу" – қылмыс", – деді Айсұлу Мамашова. 

Дін істері бойынша мемлекеттік комиссия басшысы Азамат Юсупов некенің заңмен рұқсат етілген жастан ерте қиылу деректері тіркелетінін растады. Дегенмен, Қырғызстан мүфтиінің орынбасары Жоробай Шерғазиев имамдардың неке қияр алдында жастардың паспортын міндетті түрде тексеретінін алға тартты. 


Оқи отырыңыз: Қырғызстанда дін туралы жаңа заң жобасы шу туғызды. Жапаровтың баспасөз хатшысы жауап берді