Құрманғазы күйлері "Дала шырқауы" жаңа анимациялық жобасында қайта жанданады, деп хабарлады Sergek Group компаниясы.

Мультсериал қазақ күйшісі Құрманғазы күйлерінің тарихын баяндайды. Атап айтқанда, сериал әйгілі күйшінің өмірінде із қалдырған оқиғаларды: XIX ғасырдағы қазақ халқының өз жерін қорғау әрекеті мен оның отаршылдардан көрген азабын баяндайды.

Жобаны Tasqyn Studio дайындаған. Компания өкілдері бұл туындыны – қазақ музыкасының дәстүрін анимацияда бейнелеудің алғашқы қадамы деп бағалап отыр.


Оқи отырыңыз: Отандық мультипликаторлар қазақ тілінде 20 жаңа мультфильм түсірді


"Біз халқымыздың мәдени мұрасын қалың жұртшылыққа танытып, талғампаз қазақ көрермендерімен қатар барлық ұлттар мен әр жастағы көрермендер арасында қазақ мәдени-этникалық мұрамызға деген қызығушылықты оятқымыз келеді", – деді студия қызметкерлері.  

Сериалдағы күйлерді күйші Абылай Тлепберген орындаған. Ал сценариі нақты тарихи оқиғалар мен мифтік аңыздарға негізделген.

Жалпы, анимациялық сериалдың бірінші маусымы 13 бөлімнен тұрады. Әр эпизод 3-5 минутты құрайды.