"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасы Есетжан Қосубаев қызметінен босатылып, орнына Құрманбек Жұмағали тағайындалды, деп хабарлайды ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.  

Фото: ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Құрманбек Жұмағалидің масс-медиа және телеменеджмент саласында 10 жылға жуық тәжірибесі бар. Еңбек жолын "Қазақстан" телеарнасында редактор болып бастаған, "Хабар" агенттігінің жетекші редакторы, тілшісі.

2013-2018 жылдары Құрманбек Жұмағали Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы және Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болған.


Оқи отырыңыз: Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды


2018-2019 жылдары "Қазақ радиолары" ЖШС басқарды,"Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды. Осы уақытқа дейін "31" медиахолдингінің бас директоры болып еңбек еткен.