Биыл Құрбан айт мерекесі 17-19 маусымға сәйкес келеді. Соған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен "Халал даму" стандарттау және сертификаттау мекемесі "Қасапшылық – сауапты hәм жауапты іс" тақырыбында семинар өткізді, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі.

"Халал Даму" мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлының айтуынша, қазіргі таңда республиканың барлық өңірінде құрбан шалатын орындар әзірленіп қойылған. Құрбан малын союға тек мекеменің арнайы сертификатын иеленген қасапшылар ғана жіберіледі. Бұл орындарда мал тек "Халал Даму" мекемесі бекіткен стандарттарға ғана сәйкес сойылады. 

"Алла Тағала барлық нәрсені жақсылап істеуді бұйырды, сондықтан малды сойсаңдар, дұрыстап сойыңдар", – деп айтқан. Сондықтан құрбан шалудың әдебін, шарттарын біліп алу керек" деді Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, ғұламалар кеңесінің хатшысы Батыржан Берденұлы. 

Еске салайық, Информбюро порталы құрбан шалудың шарттары мен тәртіптеріне қатысты өзекті сұрақтарға жауап әзірледі. Оны төмендегі сілтеме арқылы өтіп оқуға болады. 


Оқи отырыңыз: 17 маусым – Құрбан айт: Құрбан шалу тәртібіне қатысты 8 сұраққа жауап